Previous Page  78 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 200 Next Page
Page Background

78

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Пайғамбарымыз оқпен Сәуадтің қарнынан түртіп:

«Сапқа кір», – деді. Сәуад болса, «Уа, Расулаллаһ.

Сен менің қарнымды ауырттың. Аллаһ сені ақиқатпен,

әділдікпен жіберді, сондықтан саған да тура осылай

жасауыма рұқсат беруің керек», – деді. Пайғамбарымыз

қарнын ашып, «Қысасыңды ал», – деді. Сәуад

Пайғамбарымызды құшақтап қарнынан сүйіп алды.

Пайғамбарымыз: «Неге бұлай жасадың?» – дегенде,

ол: «Расулаллаһ! Соғысқа аттанғалы тұрмыз. Аман

қаламын ба, жоқ па, белгісіз. Өлмей тұрып тәнімнің

тәніңе тигенін қаладым», – деді. Пайғамбарымыз да

оның бұл әрекетіне сүйсініп оған дұға етті

77

.

Асым ибн Мұхаммед әкесінен жеткізген бір ха-

барда: «Пайғамбар жайлы айтқан кезде Ибн Омардың

көзінің жасаурамағанын көрген емеспін», – дейді.

Мусәнна ибн Саид әз-Зари «Әнәс ибн Мәлік:

Түсімде сүйікті пайғамбарымды көрмеген түнім жоқ»

дегеннен соң жылайтын», – дейді

78

.

Әбу Зәрр (р.а.) «Уа, Расулаллаһ! Бір кісі бір адам-

дарды жақсы көреді, алайда олардың істегенін істей

алмайды», – дегенде, Пайғамбарымыз «Әй, Әбу Зәрр!

Сен кімді жақсы көрсең, солармен бірге боласың», –

деді. Әбу Зәрр «мен Аллаһ пен елшісін жақсы көремін»

дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Ешқандай күмәнің

болмасын. Кімді жақсы көрсең сонымен біргесің» деп

сүйіншіледі.

Әнәс (р.а.): Бір кісі келіп: «Уа, расулаллаһ! Қиямет-

қайым қашан орнайды?» – деді. Пайғамбарымыз

77

Кандыһләуй,

Хаятус-сахаба

, ауд. А. Арслан,Стамбул, 1993,

2 т, 364

78

Табақат

, 7/20