Previous Page  73 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 200 Next Page
Page Background

73

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

жарақатын таң», – деді. Шыбын жанын шүберекке

түйіп шайқасқан бұл отбасыға: «Аллаһ сендердің

отбасыларыңа мейірім-шапағатын жаудырсын!» – деп

дұға етті.

Бұны естіген Уммү Умара шабыттана түсіп: «Уа,

Расулаллаһ! Аллаһтан жаннатта бізді өзіңмен көрші

етсін деп тілек тілеңізші», – дейді. Ол (с.а.с.) бақытты,

ержүрек әйелдің көңілін қалдырмай, алақанын көкке

жайып: «Раббым, бұларды жаннатта маған қоңсы әрі

жолдас ет», – дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл

дұғасын естіген Уммү Умараның төбесі көкке жетіп,

«Бұдан кейін басыма қандай қиындық келсе де көтеріп

алуға әзірмін», – деп Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген

сүйіспеншілігін тағы бір мәрте білдірді...»

69

.

Уруа ибн Мәсуд әс-Сақафи Хұдайбияда мүшріктер

тарапынан мұсылмандармен келіссөз жасауға

жіберілген кезде, сахабалардың Пайғамбарымызға

деген ерекше құрметі мен сүйіспеншілігіне куә болған

еді. Аллаһ елшісінің бойындағы терең иман мен

Пайғамбарға лайық ұстамдылығын көріп тебіренеді.

Сахабалардың Пайғамбарымыздың айналасын-

да пәруанадай шыр айналғанын көрген Уруа Мек-

кеге қайтқан кезде, «Мен қаншама патшалар мен

билеушілерді көрдім. Алайда бұлардың ешқайсысы дәл

Мұхаммедке сахабаларының көрсеткен құрметіндей

сый-құрмет көрген емес. Мені тыңдасаңдар, бұл адам-

мен жағаласуды, жауласуды доғарыңдар» деген-ді. Ол

бір-біріне мейлінше мейірімді бұл қауымға тосқауыл

болудың мүмкін еместігін бір көргенде-ақ сезген-ді.

69

А. Халил Жум’а,

Ниса’у мубашшарату бил-жанна

, Бейрут,

1990, 1: 124;

Сахабилер ансиклопедиси

, т.2, 831-834.

Саңлақ

сахабалар, 244-245;