Previous Page  69 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 200 Next Page
Page Background

69

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.с.) ақиретке

аттанғанда, көптеген сахабалар сияқты қабырғасы

қайыса қайғырған ол Мәдинада қала алмады. Аллаһ

елшісінің кетуі жарық күннің сөнуімен бірдей болды,

өйткені Мәдинаның әр тасы мен топырағы оның есіне

Аллаһ елшісін түсіретін. Біләл сол тұстағы халифа

хазірет Әбу Бәкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады.

Әбу Бәкірге барып:

– Уа, Аллаһ елшісінің халифасы! Мен

Пайғамбарымыздың: «Мүминнің ең қайырлы ісі –

Аллаһ жолындағы жиһады» – дегенін естіген едім. Мен

де өлгенге дейін Аллаһ жолында жанымды пида еткім

келеді, – деді. Әбу Бәкір:

– О, Біләл! Бізге кім азан шақырады? – дегенде,

екі көзге ерік берген хазірет Біләл:

– Мен Аллаһ елшісінен кейін ешкімге азан

шақыра алмаймын, – деді.

Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша

жібермеуге тырысса да, хазірет Біләл:

– Уа, Әбу Бәкір! Рас, сен мені құлдықтан

құтқардың. Егер мені өзің үшін азат еткен болсаң, онда

алып қал. Ал, егер Аллаhтың ризалығын көздеп, сатып

алған болсаң, еркіме жібер, – деді.

Әзірет Әбу Бәкір рұқсат берген соң, хазірет Біләл

Хабаши Шамға барып, Ислам туын биікте желбіретуге

жігерін салды.

Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға

келді. Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазірет

Хасан мен Хүсейнді кездестіріп, өткен сағынышты

күндерді еске алды. Көп уақыт Мәдинада азан

шақырмапты, өйткені Ғаламның рақым нұры (с.а.с.)

ақиреттік болғаннан кейін бұған дәті жетпеген-