68
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
айтты... Қуануымның себебі – сол», – деп жауап берген
еді
61
.
Әкесі дүние салғанда, хазірет Фатима үшін өмірден
мән-мағына қашты. Күндіз-түні көз жасын төккен ол
Пайғамбарымыздың жоқтығына алты ай ғана шыдай
алды. Алты айдан кейін естігені рас шығып, сүйікті
әкесіне туыстарының арасынан ең алғаш қауышқан ха-
зірет Фатиманың өзі болды
62
.
Өзіне ең жақын дос әрі сенімді серік Әбу Бәкір
Сыддық төсек тартып жатқан Пайғамбарымыздан
«Аллаһ дүние мен ақиретті таңдауды құлының еркіне
берді. Ол құл ақиретті таңдады» дегенін естіді.
Іштей Аллаһ елшісінің өмірден озатынын сезіп: «Уа,
Аллаһтың елшісі! Әкеміз, анамыз, бала-шағамыз сен
үшін садақа болсын! Сенің амандығыңа жанымыз
құрбан», – деп жылады
63
.
Пайғамбарымыз соңғы сапарға аттанбастан бір
апта бұрын сахабаларын жинап, олардың Ислам үшін
жасаған жанқиярлықтарын айтып, Аллаһқа дұға етеді.
Соңында өлімінің де таяу екенін хабар бергенде, са-
хабалар қарадай жетімсіреп, оңаша қалған кездерінде
Аллаһ елшісін өлімге қимай, егілумен болды. Олар
үшін күндіз қараңғы түнге, түн болса қара түнек
қабірге айналған еді.
«Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы хазірет
Біләлдің пайғамбарлар сәруары – хазірет Мұхаммедке
(с.а.с.) деген сүйіспеншілігін тілмен айтып жеткізу
мүмкін емес. Исламды қабылдағаннан кейін бір сәт
болсын қасынан ажырамады.
61
Бухари,
Манақыб;
Муслим,
Фадаилус-сахаба, 98,99.
62
Муснәд, 1, 6. Саңлақ сахабалар, 242-243
63
Бухари,
Фадаилул-асхаб: 3
; Муслим,
Фадаилус- сахаба: 2-3