Previous Page  72 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 200 Next Page
Page Background

72

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

емес еді): «Мұхаммедтің сахабаларының Мұхаммедті

сүйгеніндей басқа ешкімді сүйгенін көрген емеспін!»

– деп таңданысын жасыра алмаған еді

68

.

«...Ұхұд шайқасында Аллаһ расулының (с.а.с.)

соңына ерген сахабалардың біразы шейіт болып,

оның айналасында өте аз адамның қалғанын көрген

қаһарман әйел Несібе Аллаһ елшісіне бір зиян келмесін

деп, Оны қорғауға ұмтылады. Аллаһ елшісін өлтіруге

жанталасқан мүшріктерден Аллаһ Расулын шамасы

жеткенше қорғауға тырысты. Пайғамбарымыз: «Ұхұд

күнінде оңыма да, солыма да қарағанымда Уммү

Уммараның өліспей-беріспей шайқасып жатқанын

көрдім», – деп оның ерлігін паш етеді.

Осы шайқаста Несібенің ұлы жараланды. Дереу

ұлының қолын таңып беріп: «Балапаным, қане, Аллаһ

Расулының (с.а.с.) алдында шайқасып, оны дұшпаннан

қорға!» – деп, өз баласын Аллаһ расулының (с.а.с.)

жолында шайқасуға жұмсады. Несібенің өзі де бұл

шайқаста қатты жарақат алған еді. Қиындығы қылша

шатқалдай бұл ұрыста азулы мүшрік Ибн Камия

Пайғамбарымыздың жүзін жарақаттап, екі тісін

сындырды. Пайғамбарымыздың қан жуып кеткен

жүзін көргенде жауыз мүшріктің жанын жаһаннамға

жөнелтуге асыққан Несібе оған қылышын сермейді.

Алайда екі қабат сауыт киіп алған дұшпанына бұл

шыбын шаққан құрлы да болмайды. Ибн Камия ұрыста

тұрысты білмейтін Несібенің иығын семсерімен сойып

түседі. Басқа сахабалар ержүрек әйелге жәрдемге

үлгеріп, жанын аман алып қалады. Оның жарақат

алғанын көрген Аллаһ расулы Абдуллаһқа: «Анаңның

68

Р. Баша,

Сахабе хаятындан таблолар

, ауд. Т. Узун, Кония,

28-29