67
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
бірі болатынмын. Егер сол кезде өліп кетсем,
жаһаннамның шыңырау түбіне кетер едім.
Кейін Аллаһ елшісіне (с.а.с.) серт беріп, оның
пайғамбар екенін қабылдадым. Адамдардың арасын-
да дәл Мұхаммедтей (с.а.с.) ешкімді жақсы көрген
емеспін. Егер маған оны сипаттап бер десе, шамам
келмес еді. Өйткені іштей сыйлап-құрметтегенім
соншалықты, жүзіне тура қарай алмайтынмын... Егер
сол кезде өліп кетсем, міндетті түрде жаннатқа кірермін
деп үміт етер едім...» деген-ді
60
.
Міне, осы тарихи айғақтардан-ақ пайғамбардың
тек қана мейірім алып келгеніне көз жеткізуге болады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Аллаһтың арыстаны»
– Хамзаны өлтірген Уахшиді, Әбу Жәһилдің ұлы
Икриманы, Амр ибн Ас, Халид ибн Уәлид т.с.с. азулы
дұшпандарын кешіру арқылы олардың ең жақсы
көретін адамына айналды. Бұл оның «тек Рақым етіп
жіберілгеніне» айқын айғақтардың бірі ғана...
Екі Жаһан сұлтанының өзіне аумай тартқан сүт
кенжесі әрі ұрпағын жалғастырушы сүйікті қызы
хазірет Фатима «Насыр» сүресі түскен кезде, Аллаһ
елшісінің өмірден озатынын түсініп жылаған еді.
Пайғамбарымыз төсек тартып жатқанда, оны қасына
шақырып алып құлағына сыбырлайды. Алғашында
Фатима басына жай түскендей еңіреп жылайды.
Екінші рет сыбырлағанда жүзі күлімдеп сала береді.
Пайғамбарымыз өмірден озғаннан кейін бұның себебін
сұраған Айша анамызға ол: «Алдымен, әкем өзінің бұл
дүниемен жақын арада қош айтысатынын айтты. Сол
үшін жыладым. Екіншісінде арғы дүниеде отбасының
арасынан өзіне бірінші болып менің қауышатынымды
60
Р. Баша, 1.т, 114