Previous Page  65 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 200 Next Page
Page Background

65

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Омар Фаруқ (р.а.) та Аллаһ елшісін жанындай

жақсы көрді. Бірде Ғаламның рақым нұры (с.а.с.)

Омарға (р.а.):

– Мені қаншалықты жақсы көресің?– деп

сұрағанда, ол:

– Уа, Аллаһтың елшісі, сені жанымнан басқаның

бәрінен артық жақсы көремін, – деп жауап берді.

– Мені жаныңнан да артық жақсы көрмейінше,

толық иман еткен болып саналмайсың, – деп, Аллаһ

елшісі оған сүйіспеншіліктің қандай болу керектігін

айтқан кезде, істің мәнісін Пайғамбардан үйренген ол

жан-тәнімен:

– Уа, Расулаллаһ, сені енді жанымнан да артық

жақсы көремін,– деді. Аллаһ елшісі оған:

– Міне, енді толық болды, – деді

58

.

Тағы бір хадисінде:

َل يُؤْمِنُ أحَدُكُمْ حتي أكونَ أحَبّ إلَيْهِ مِنْ والِدِهِ وَ وَلدِهِ

والنّاسِ أجْمَعِين

«Сендердің араларыңнан бір кісі мені әкесінен,

баласынан және бүкіл адамдардан артық жақсы

көрмейінше иман еткен боп саналмайды»

59

деу

арқылы Пайғамбарымызға сүйіспеншіліктің иман

етумен тікелей байланысты екенін білдірген. Яғни

Пайғамбарымызды жанымыздан да артық жақсы

көру – иманымыздың толық болуының шарты. Осы

ақиқатты терең сезінген сахабалардың жарқын ғұмыры

пайғамбарға деген сүйіспеншілікке толы.

58

Муслим,

Иман, 69.

59

Бухари

, Иман 8;

Муслим,

Иман 70, (44)

; Нәсәи,

Иман 19,

(8,114)