61
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
әлдеқайда артық. Діни және дүниелік тұрғыдан ықпал
етудің теңдессіз түрде бірлесуі Мұхаммедтің тарихтың
ең ықпалды тұлға екендігін көрсетуге жеткілікті»
.
П. Хитти:
«Мұхаммед өте қысқа өмірде сол кезге
дейін географиялық ауқымдылығынан басқа ештеңесі
жоқ өлкеде сондай бір ұлық дін құрды. Бұл дін өте кең
аймақтарда христиандық пен яһудиліктен озумен қатар,
өте қысқа мерзімнің ішінде сол кездің мәдени аймақтарын
қамтыған өте үлкен мемлекеттің негізін қалады»
.
Родвелл:
«Мұхаммедтің мойнына алған міндеті
мен миссиясы – тек Аллаһқа және ғайып әлеміне өте
терең иманы болған адамның бойында кездесетін
таңғажайып күш пен өмір үлгісі»
.
Даңқты қолбасшы
Биссмарк
: «Ей, Мұхаммед! Сенің
ғасырыңда тумағаныма қатты өкінемін....Адамзат Сен
сияқты ерекше тұлғаны бір-ақ рет көрді, бұдан кейін көре
алмайды. Мен сенің алдыңда құрметпен бас иемін».
Осындай көптеген тұлғалардың тізімін санама-
лап жалғастыра беруге болады. Шын мәнінде хазірет
Мұхаммедтің өмірімен жете танысып, жүрек пен
санаға тигізген әсерін ой елегіне салып зерделеген жан
Оның пайғамбар екенін сөзсіз мойындайды.
Пайғамбарымыздың өмірі жайында мәліметтер көп-
ақ. Олардың әуелгісі – Жаратушының жарлықтарын
қамтыған қасиеті Құран кәрім, содан кейінгісі – хадис
кітаптары, «арабтардың архивы» саналған өлең-жырлар,
Пайғамбарымызды қатты жақсы көрген кісілердің
өздерінен кейінгі буындарға мұра етіп жеткізген ауызша
хабарлары. Соңғы Пайғамбар жайындағы негізгі қайнар
көздер мен оқиғаларға куәлік еткен мәліметтердің