57
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
айтады
50
. Жаны қатты қиналған кезде азаншы Біләлға
«Біләл, азан шақырып, жанымызды бір жадыратшы!» –
дейтін. Ибн Мәсғұд (р.а.) секілді атақты сахаба бір күні
Оған ұйып нәпіл намаз оқиды. Пайғамбарымыздың
намазды ұзақ оқығаны соншалық – Ибн Мәсғұд
шыдай алмай, намазын бұзып кеткісі келген-ді
51
. Тіпті
жарық дүниемен қош айтысар кездегі ең соңғы айтқан
өсиеттерінің бірі де намаз еді.
Пайғамбарымыз өзі жеке қалғанда намазды
ұзақ оқитын, алайда жамағатпен болғанда халыққа
қиындық туындатпауды көздеп, қысқа оқытатын және
жамағатқа имамдық жасайтындарға да намазды ұзақ
созып жібермеуді әмір ететін.
Намазбен қатар оразасы да ерекше еді. Аптапты
ыстық күндері кейде бірнеше күн қатарынан ауыз
ашпай «уисал» оразасын ұстайтын. Сахабалар да солай
ұстағысы келген кезде
«Аллаһ тағала мені сендер
түсіне бермейтін түрде өзі ризықтандырады»
деп
сахабаларына қиындық қаламаған еді
52
.
Ал, дұғадағы тереңдігі мүлдем бөлек. Өзі айтқандай,
«Дұға – мұсылманның қаруы, діннің тірегі және жер
мен көктердің нұры».
Оның дұғасыз өткізген сәті
мүлде жоқ секілді. Пайғамбарымыздан келіп жеткен
дұғалардың өзі өте көлемді бір кітапты құрайды. Кез
келген ісін дұғамен бастап, дұғамен бітіруі Оның
Жаратқан Жаббар Иені терең танығандығының белгісі
емес пе?!
50
Нәсәи, Сәһу, 17; Ибн Мәжә, Муқаддимә, 3; Муснәд, 4/25.
51
Бухари, Тәһәжжүд, 9; Муслим, Мусафирин, 204; Муснәд,
1/385-396.
52
Бухари, Саум, 49; Муслим, Саум, 59. Муслим, Итиқаф, 7.