52
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
тей де жалғандық, көзбояушылық болса, дос-дұшпан
тарапынан сезіліп, байқалатын еді. Алайда хазірет
Мұхаммеддың (с.а.с.) өмірінде мұның ешқайсысы да
кездеспеген.
Кісілік пен кішіліктің үлгісі
Айша
анамыздың
айтуына
қарағанда,
Пайғамбарымыз сөйлегенде байыппен, әр сөзін же-
ке-жеке анық етіп сөйлейтін. Оны естіген адам тіпті
сөздерін жаттап алатын. Өте маңызды сөздерді үш
реттен қайталайтын, сондықтан сөзін түсінбейтін жан
қалмайтын. Бос сөйлегенді ұнатпайтын, пайдасыз
нәрселерді сөз қылғаннан гөрі «аз сөз
–
алтын» деп, жақ
ашпағанды жөн көретін.
Әрдайым жарқын жүзді, жылы шырайлы еді. Бұл
жайлы Абдуллаһ ибн Харис: «Үнемі күлімсіреуде одан
өткен ешкімді көрмедім», – дейді. Пайғамбарымыз
қатты айқайлап күлмейтін. Күлкісі тек езу тартып
жымию болатын. Күлімсіреп қарауы – адамдарға
мейірімділігі, айқайлап күлмеуі – адамдардың
келешегінің уайымынан еді.
Көпшілікке бір нәрсе үйреткісі келген кезде,
ешкімнің айыбын бетіне басып, жұрттың алдында атын
атамайтын. Сол үшін де кемшілік жасаған адам өзі-ақ
қатесін дереу түсінетін.
Қарсы алдындағы кісі қаншама дөрекі болса да
сабырлықпен тыңдап, өзінің тұлғалығын әрдайым
сақтап, жұмсақтық көрсететін. Тіпті өзіне адырая
қарап «Әділетті болсаңшы!» деп өктемсіген бәдәуиге
де кішіпейілдік танытқан. Шапанынан жұлқи тартып
дөрекі мінез танытқанға да кешіріммен қарады. Басына