Previous Page  51 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 200 Next Page
Page Background

51

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Өзіне алғаш рет уахи келген кезде, бұдан қорыққан

Аллаһ расулына жан жары хазірет Хадиша анамыз көз

көрген шындықтарын тілге тиек етіп былай деген еді:

«Сен әрқашан шындықты айтасың. Аманатқа қиянат

жасамайсың. Туған-туыстарыңмен сәлемің түзу, қабағың

ашық. Көршілеріңе мейірімдісің. Кембағалдар мен ке-

дейлерге қол ұшын беріп, мүсәпірлерді үйіңнің төріне

шығарып, оларды қадірлеп, қонағыңдай күтесің. Халқың

қиындыққа душар болғанда жәрдеміңді аямайсың.

Уаллаһи, сені осы үмбеттің пайғамбары болар деп

үміттенемін»

43

.

Құранда: َ

فَاسْتَقِمْ كَمَا أُمِرْت

«Әмір етілгендей тура

бол!»

44

деп бұйырған. Пайғамбарымыз туралықтан еш

таймай үмбетіне де осыны үнемі насихаттады. Ол: َ

تَحَرّوْا الصِدْقَ وَ اِنْ رَأَيْتُمَْ فيهِ الْهَلَكَةَ فَاِنّ فِيهِ النَجاة

«Әрдайым туралықты іздеңдер! Туралықпен

құрдымға кетер болсаңдар да, сөзсіз, онда сендер үшін

азаттық бар»,

– дейді

45

.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) нұрлы жүзі тек тура­

лықты ғана аңғартатын. Мұны байқаған яһуди ғалым­

дарынан Абдуллаһ ибн Сәләм Пайғамбарымызды бір

көргеннен:

«Мына жүзде еш жалғандық жоқ», –

деп,

дереу иман етсе, Абдуллаһ ибн Рауаха:

«Егер пайғам­

барлығын қуаттайтын айқын мұғжизалар болмаған

күннің өзінде оның нұрлы жүзі – көрген адамның иман

етуіне жеткілікті еді», –

дейді.

Егер пайғамбарлығына дейін я болмаса пайғам­

барлығынан кейін сөзінде немесе іс-әрекетінде тит­

43

Муслим,

иман:252.

44

«Һуд» сүресі, 112

45

Кәнзул-Уммал, 3/344

; Мунауи,

Фейду’л-Қадир, 3/232.