46
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
дәрежеде мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз болса,
асыл қасиеттердің бәрін бір бойына жинақтай білген
әрі әрбір қасиетті ең биік шыңында іс жүзінде қолдана
білген теңдессіз жан.
Кез келген адамның қарама-қайшы екі көркем қа
сиетті бір-біріне араластырмай, шатастырмай тепе-тең
дігін сақтап алып жүруі өте қиын. Мысалы, бір адам
жомарт болса да, бұл жомарттығын асырып, ысы
рапшылдыққа апаруы мүмкін немесе қолындағысын
үнемдеймін деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ық
тимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл ержү
рекқасиеті өз арнасынан шығарып, алды-артын аңда
майтын, соқыр қатігездікке ұластыруы ғажап емес. Ал,
Пайғамбарымыз болса, ешбір жақсы қасиетті екінші
бір қарама-қайшы қасиетпен араластырмаған. Өз арна
сынан асырмаған. Аллаһ елшісі ержүрек, батыр және
осымен қоса құмырысқаны байқамай басып кетсе, жү
регі елжіреп, діріл қағатындай аса мейірімді, рақымды
және кішіпейіл жан еді. Бірақ өте кішіпейіл, мейірімді
боламын деп ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас
имеген.
Аллаһ елшісі өте салмақты, байсалдылығымен қоса
жанындағы адамдарға шаттық сыйлай алатын, күлкісі
күміс шашқан жарқын жүзді еді. Бүкіл ғаламға ұстаз
дық етіп, үлкен мәселелерді қозғаған Пайғамбарымыз,
кішкентай бүлдіршіндермен құмда отырып ойыншық
ойнайтындай қарапайым әрі кішіпейіл еді. Қысқасы,
әр қасиетті өз мөлшерінен асырып екінші бір жаман
қасиетке айналуына жол бермеген. Яғни, таразының
екі басын тең ұстап, тепе-теңдікті сақтағай білген.