45
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)ً
أكْمَلُ المؤْمِنِينَ إيمانًا أحْسَنهُمْ خُلُقا
«
Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелі – мінез-
құлқы ең жақсы болғаны»
,
38
إنّ مِنْ أحَبِّكُمْ إلَيّ وَ أقْرَبِكُمْ مِنِّي مَجْلِسًا يَوْم القِيامَةِ أحاسِنُكُمْ
أخْلاقًا..
«
Мен үшін сіздердің ең сүйіктілеріңіз, сондай-ақ
қиямет күні маған ең жақын болатындарыңыз – ең
көркем мінезділеріңіз
39
деп мұсылманшылықтың басты
талабының не екенін де тайға таңба басқандай айтып
кетті.
Пайғамбарымыз халыққа тек құрғақ үгіт-насихат
айтып қана қоймай, оны өз өмірі арқылы өрнектеп
көрсете білді. Ешбір ісінде астамдыққа не нұқсандыққа
бармады. Қай қасиетті де кемелінде ұстады. Оның
кіршіксіз, пәк өмірі бұған куә. Жомарттық, әділдік,
шынайылық, шыншылдық, сенімділік, мейірімділік,
тақуалық, сабырлылық қасиеттерінің ең биік шыңында
қашан да Расулаллаһ тұрды.
Тарихта өткен көптеген ұлы тұлғалардың өміріне
зер салсақ, олардың бірнеше қасиетпен емес, көбіне
бір қасиетпен ғана дараланғанын байқаймыз.
Айталық, кейбіреуі Атымтайдай жомарт, бірақ дәл
сондай дәрежеде кешірімді, кішіпейіл емес. Кейбіреуі
кешірімді, кішіпейіл, бірақ ашуын ақылға жеңдіре ал-
майтын сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ дәл сондай
38
Әбу Дәуіт,
Суннат, 14;
Тирмизи,
Рада, 11
; И. Ғазали,
Мукашафатуль-қулуб
, (ауд. Я. Арыкан), Стамбул, 1986, 593-
598-б.
39
Тирмизи,
Бирр, 77, (2019)