40
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
білдірді. Пайғамбардың ыстық ықыласпен қарсы
алғанын көргенде, Икриманың қара тастай қатып
қалған жүрегі сол мезетте-ақ жібіп, Аллаһ елшісінің
қолына жармасып: «Бүкіл дұшпандықтарым үшін
Аллаһтан маған кешірім тілеуіңді өтінемін», – деген
еді тебірене. Өйткені ол бұндай жақындық пен
жылылықты үш ұйықтаса түсінде күтпеген болатын.
Артынша бар ықыласымен Пайғамбарымызға: «Уа,
Расулаллаһ! Бұған дейін Исламға дұшпандық жасау
жолында қаншалықты күш пен дүние-мүлік жұмсаған
болсам, бұдан былай оның екі есесін Ислам жолына
арнауға ант етемін!» – деді.
Пайғамбарымыз өзінің туысы, «Аллаһтың
арыстаны – Хамзаны» өлтірген Уахшиді, Әбу Жәһилдің
ұлы Икриманы, Амр ибн Ас, Халид ибн Уәлид сияқты
азулы дұшпандарын кешіруі арқылы олардың ең жақсы
көретін адамына айналды. Бұл Оның «тек рақым
болып» жіберілгендігінің айқын айғақтарының тек бірі
ғана...
Міне, осы тарихи айғақтардан-ақ пайғамбардың
тек қана мейірім алып келгеніне көз жеткізуге болады.
Ол өзі әкелген ұлыақиқаттымейіріммен рақымдылық,
жылылық пен жанашырлық сезімдері негізінде құрды. Өз
міндетін айналасындағыларға жанашырлық танытып, көл-
көсір мейірім аясында жүргізді. Оның (с.а.с.)
«мен сендер-
ге әке сияқтымын»
28
деуі – оның кіршіксіз рух әлемінің
айнасы. Иә, оның өмір бойы тынбастан жатса-тұрса
«үмбетім, үмбетім» деп артынан ерген үмбетінің қамын
жеп өтуі бір әкенің «балам» деп сәбиін көкірегіне басқан
мейірімін елестеткендей еді. Құран Рақым пайғамбардың
үмбетіне деген сүйіспеншілігін былай суреттейді:
28
Әбу Дәуіт,
Тахара,4