Previous Page  38 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 200 Next Page
Page Background

38

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

«Олар Құранға сенбеді деп қатты күйзеліп,

өзіңді тауыса жаздайсың»

, – («Кәһф» сүресі, 6)

дейтін.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

إِنِّي لَمْ أُبْعَثْ لَعّانًا وَإِنّمَا بُعِثْتُ رَحْمَةً

«

Мен лағынеттеуші емес, рақым етуші етіп

жіберілдім»

– деуі Рақым пайғамбардың жүрек жарды

сөздері еді

27

.

Ол халыққа қайғы мен қасірет арқалатып я

болмаса қарғыс айтып лағынеттеуші емес, барша жұртқа

Аллаһтан рақым тілеу үшін жіберілді.

Мекке азат етілгенге дейін дұшпандарының

көрсетпеген қорлығы, шектірмеген құқайы қалмады.

Олар өздерін зұлымдықтан құтқару үшін мейірім болып

келген пайғамбарға бойкот жариялап, ат төбеліндей

мұсылманды үш жыл бойы қастарынан аластап, шөлдің

ортасына қамады. Олармен араластықты үзді. Сауда-

саттық та жасамай, жақындарының қарайласуына да

тыйым салды. Пайғамбарымызға ерген мұсылмандар

ағаштың қабығы мен жәндік жеп күнелтті. Біраз адам

аштықтан өліп те кетті. Бұл да жетпегендей, мүшріктер

оны туған жерінен қуып шығып, ол жерде де неше

түрлі айла мен озбырлық жасап қорқытумен болды.

Әрі Бәдір, Ұхұд және Хандақ сияқты шайқастарда

Пайғамбарымыз бен оған ерген серіктерін жер бетінен

біржолата жойып жіберу үшін бүкіл күш-жігерін

жұмсады.

Оған қоса, «Хұдайбия» сияқты шарттары ауыр

келіссөзгеқолқоюғамәжбүрледі.Ендіміне,Пайғамбарымыз

Меккені азат еткен кезде, сол уақытқа дейін өзіне жасалып

27

Муслим,

Бирр, 87