Previous Page  33 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 200 Next Page
Page Background

33

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

патшалықтың орнына Аллаһ елшісінің қызметшісі

болсам ғой» деп жеткізген-ді

20

.

Бұған қоса, сол кездегі Рим императоры Ираклий

да Пайғамбарымыздың жіберген хатын оқып:

– Осы уақытқа дейін адамдарға жалған сөйлеуден

бойын аулақ ұстаған жанның енді келіп Хақ тағалаға

жалған сөйлеуі әсте мүмкін емес, – дейді

21

.

Ол хазірет Мұхаммедтің пайғамбар екенін мой-

ындай тұра, билігі мен беделінен айырылып қалудан

қорқып мұсылман бола алмады

22

.

Уарақа ибн Нәуфал – христиан ғалымы болатын.

Ол – хазірет Хадишаның туысы. Аллаһ елшісіне алғаш

рет «уахи» (Аллаһтың періште арқылы хабар жіберуі)

түскенде, Хадиша анамыз (р.анһа) бұның не екенін

сұрады. Уарақа Мұхаммедті (с.а.с.) мегзеп, тосын істің

мән-жайын ұқтырды: «Хадиша! Ол – турашыл адам.

Көргендері – пайғамбарлық берілерде көрінетін нәрселер.

Оған келген – Намус Әкбар. Ол – хазірет Мұса мен хазірет

Исаға (а.с.) да келген. Онда жақында пайғамбар болады.

Егер дәм-тұзым бұйырып сол күндерге жетсем, мен де

иман келтіріп, сөзсіз көмекшісі боламын», – деп жауап

берді

23

.

Ақиқатқа ынтық, қоғамда сарқыншақтары ғана

қалған Ибраһим пайғамбардың таухид дінін ұстанған

20

Әбу Дәуіт, Жәнәиз, 56; Бәйхақи, Дәләиль, 2/300 ; Асыл тәж,

211

21

Бухари,

Бәдул-уахи, 6

22

Бухари,

Бәдул-уахи, 6

; Муслим,

Жиһад; 74;

Пайғамбары-

мыздың өмірбаянына байланысты және ислам тарихына

байланысты бүкіл кітаптарда бұл оқиғаны кездестіруге

болады.

23

Бухари,

бәдул-уахи, 3