32
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
«Бусра» деген жерде тұратын. Оны ел-жұрты білімділігі
мен тақуалығы үшін сыйлап, құрметтейтін. Ол да ескі
кітаптардан соңғы Пайғамбардың келетінін оқып білген-
ді.
Пайғамбарымыз 12 жасында көкесі Әбу Тәліппен
бірге Сирияға керуенмен саудаға шыққанда, Монах
Бахира керуенмен ілесіп келген жас баланың бойынан
пайғамбарлық нышандарын дереу байқады. Еврейлер
білсе бұл балаға жамандық жасар деп, Әбу Тәліпті сол
маңнан кері қайтуға көндірген болатын.
Бұған Эфиопияның патшасы Нәжәшидің де
мұсылман болуы дәлел. Ол еліне қоныс аударып келген
мұсылмандарға пана болып, мүшріктерден қорғады. Ақыр
соңында, әділдігімен танылған Нәжәши мұсылмандықты
қабылдап:
«Сендерді және пайғамбарларыңды шын жүректен
құттықтаймын! Оның шынында да Аллаhтың
пайғамбары екеніне күмән келтірмеймін. Біз бұған дейін
оның сипаттарын Інжілден оқып білген едік. Мәриям
ұлы Исаның соңғы пайғамбар жөніндегі сүйіншісінен
де хабардармыз. Аллаhтың атымен ант етемін, әттең,
хазірет Мұхаммед (с.а.с.)
менің елімде болса, қуана-
қуана кебісін тасып қызмет көрсетер ем!» – деген емес
пе еді?!
Ол мұсылмандықты қабылдағаннан кейін,
Пайғамбарымызға сәлем жолдап: «Уа, Расулаллаһ,
қаласаң дәл қазір жаныңа барайын. Қаласаң, осы жерде
қалып халқымды дінге шақырайын», – десе, тағы бірде
Аллаһтың елшісімен бірге болу тілегін «Әттең, бұл