37
Ғаламзатқа жіберілген
рақым нұры
Құран кәрімде: َ
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلّ رَحْمَةً لِّلْعَالَمِين
«Біз сені
бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік»
(«Әнбия»
сүресі, 106) деп айтылса, Аллаһ елшісі бұны бүкіл
ғұмырымен тамаша түрде жүзеге асыра білді. Екі Жиһан
Сұлтанының рақымдылығы – тек адамзатты ғана емес,
барлық болмысты қамтыған және әлі де қамтып келе
жатқан, бұдан кейін де қамти берер терең сүйіспеншілік.
Әзірет Пайғамбарды (с.а.с.) еске алғанда, көз
алдымызға тек қана мейірім мен сүйіспеншілік келеді.
Ол бүкіл адамзатқа мейірімділік пен рақым алып келді.
Достары түгілі дұшпандары да одан тек қана жақсылық
пен ізгілік көрді.
Ол адамдарға мейірімділік пен жанашырлық дәнін
еге білді. Олардың мәңгілік бақыты үшін бір орнын-
да байыз таппай үнемі талмай-жалықпай тура жолға
шақырумен болды. Оларға жаны ашығаны соншалық
– тіпті өз жанын құрбан етуден де аянбады. Құран
кәрімнің жиі-жиі Оның аптыққан, асыққан көңілін
басып:
ًفَلَعَلّكَ بَاخِعٌ نّفْسَكَ عَلَى آثَارِهِمْ إِن لّمْ يُؤْمِنُوا بِهَذَا
الْحَدِيثِ أَسَفا