Previous Page  39 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 200 Next Page
Page Background

39

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

келген барлық қастандық, дұшпандық атаулыны кешіре

білді. Енді өш алар, жазалар деп іштей үрейге көміліп,

қорқып тұрған жұртқа қарап: «Барыңдар, бүгін барлығың

азатсыңдар, ешкім де жауапқа тартылмайды!» – деді.

Шындап келгенде, олар Ислам жаңа уағыздала бастаған

кезде, Пайғамбарымызды мазақ етіп, бетіне түкіріп, намаз

оқып тұрғанда, басына түйенің ішек-қарнын бастырып,

кішкентай балаларды айтақтап мүбәрак дене-басына тас

боратып, әлемге мейірім әкелген пайғамбардың басын

жарып, ең жақын достарын өлтіргендер еді. Осылардың

барлығын тартқызған қауымына Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Раббым, бұлар менің пайғамбар екенімді білмейді ғой.

Білсе бұған бармас еді. Оларды кешіре гөр!» – деп өзін

өлтіргісі келген адамдар үшін кешірім тіледі.

Әбу Жәһилдің баласы Икрима Исламға дұшпандық

көрсетуде әкесінен асып түспесе, кем түспеді. Мекке

азат етілген уақытта жеке-жеке келіп көптеген кісілер

мұсылмандықты қабылдап жатса да, ол қасарысқан

қастығын тоқтатпады. Соған қарамастан Рақым

пайғамбары оны хақ жолына шақырумен болды.

Мұсылмандықты қабылдағысы келмеген Икрима

Йеменге қашты. Артынан әйелі іздеп барды. Әйелі

мұсылмандықты қабылдаған-ды. Аллаһ елшісінің

кешіретінін айтып күйеуін кері алып қайтты.

Икрима Меккеге кірерде, Аллаһ елшісі ол күтпеген

парасаттылық танытып, мейірімділік көрсетті.

Сахабаларына: «Әбу Жәһилдің баласы Икрима мүмин

һәммуһажир күйде келе жатыр. Әкесін жамандамаңыздар,

өйткені марқұмды жамандау өліге емес, тіріге зиянын

тигізеді», – деді.

Икрима келгенде, Пайғамбарымыз оған: «Әй,

һижрет етуші жолаушы, қош келдің!» – деп ілтипат