

42
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарымыз, Мария анамыздан туылған ұлы
Ибраһим қайтыс болғанда, қатты қайғырды. Небір
қиындықтарға төтеп берген Рақым пайғамбары
(с.а.с.) оны құшағына алып, терең сүйіспеншілікпен
бауырына басты, қос жанарынан мөлтілдеп ыстық
жас төгілді. Пайғамбарымыздың жылағанын көріп
таңырқағандарға: «Көңіл қайғырар, көз жылар, алайда
Аллаһқа ұнамсыз нәрсе айтпаймыз»
32
деген-ді.
Ол кейде жылаған бала көрсе, жанына барып бірге
жылайтын. Зар қаққан ананың қасіретін жан жүрегімен
сезінетін. Міне, Әбу Һұрайраның риуаят еткен хадисі:
«Мен намазға тұрғанда асықпай оқығым келеді.
Алайда бір баланың жылаған даусын естісем, анасы
алаңдар деп намазды тез оқып бітіремін»
33
.
Немерелері «жаннаттың қос райханы» Хасан мен
Хусейн дүниеге келгеннен кейін, Пайғамбарымыз
Фатима анамыздың үйіне жиі баратын. Оларды
құшағына алып, ойнатып еркелететін. Тіпті намаз
оқып жатып сәждеге жығылған кезде, немелері
арқасына мініп алса да, оларға қабақ шытпайтын, қайта
арқасынан құлап кетпесін деп, сәждеде ұзақ тұратын
34
.
32
Бухари,
Жәнәиз, 44
; Ибн Мәжа,
Жәнәиз, 53
33
Бухари,
Азан, 65
; Муслим
, Соләт, 192
34
Бухари,
Китабус-салат, 52