Previous Page  47 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 200 Next Page
Page Background

47

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Әр қасиетті өз орнында қолданбаған жағдайда да

ол қасиеттің мағынасы өзгермек. Мысалы, әкім қызмет

орнында көрсеткен салмақтылығын отбасында көр­

сетсе, тәкаппарлыққа айналады. Әскердегі жауынгер

өз халқына көрсеткен мейірімділігі мен кешірімділі­

гін егер жауына, дұшпанына арнаса, ол зұлымдыққа,

сатқындыққа айналмақ.

Иә, бойындағы тұнып тұрған керемет мінез-құлық

– оның пайғамбарлығының белгісі мен нышаны екені

еш шүбәсіз. Атақты сахаба Халид ибн Уәлидтен (р.а.)

Пайғамбарымызды суреттеп беруін өтінгендерге бұны

тілмен айтып жеткізудің мүмкін еместігін айтады. Ел

Халидтің өз түсінігі бойынша айтып беруін қиыла

өтінгенде: «Жіберілген (елші) жібергеннің қадір-

қасиетіне сай болды. Ал жіберуші күллі әлемнің Жа-

ратушысы болса, онда жіберілгеннің қандай болғанын

өздерің ойлай беріңдер», – деп тамаша жауап берген

еді.

Расулаллаһ (с.а.с.) бойындағы қасиеттері адамзат-

ты әлі де тәнті етуде. Сөздеріміз жалаң қалмауы үшін

тарихи құжаттармен дәлелденіп, бізге дейін келіп

жеткен осы қасиеттерінің кейбірлеріне тоқтала кетейік.

Жаннан асқан жомарттық

Аллаһтың сүйікті елшісі дін Исламның қуат алып,

күшеюі жолында ештеңесін де аяп көрген емес. Мәрттік о

бастан бойына сіңісті қасиеті еді. Абдуллаһ ибнАббас осы

қасиеті жайлы «Аллаһтың елшісі адамдардың ішіндегі ең

жомарты еді. Ораза айында Жәбірейілмен бірге болған

кезде қолында барын тегіс тарататын. Жәбірейіл әр түні

келіп оған Құран үйрететін. Жел айдап келген аймаққа

бұлт келіп, бұлт келген аймаққа жаңбыр жауып, берекет-