50
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
– Бізге, бір Құдайға құлшылық жасап, оған
серік қоспауға, аталарымыздың табынған пұттарына
табынбауға, намаз оқуға, зекет беруге, турашылдыққа,
арлылық пен абырайолылыққа, туысқандармен қарым-
қатынасты үзбеуге шақыруда.
Одан басқа да түрлі сұрақтар сұрады. Қас жауы
болғанына қарамастан Әбу Суфиян мәрттік жасап,
шындықты айтты. Сонда Ираклий:
– Осынша уақыт бойы адамдарға өтірік айтудан
сақтанған адамның, Аллаһ тағала атынан жалған айтуы
мүмкін емес,– деп ой қорытады.
Қатар өскен досы Әбу Бәкір Сыддық та:
«Қырық
жасына дейін бірде-бір өтірік айтпаған адам
мінез-құлқы әбден толысқан қырықтың қырқасына
шыққанда қалайша өтірік айтсын?»
– деп,
Пайғамбарымыз елшілік міндетін жариялаған кезде
еш күмән келтірместен, бірден мұсылман болған-ды.
Міне, өзі өмір сүрген қоғамда титтей де өтірік
айтып көрмеген жан бойында қалыптасқан бар қасиетін
бір-ақ күнде өзгертіп, дін сияқты салмақты мәселеде
дүйім жұрттың, тіпті, қияметке дейін келіп-кетер
адамзаттың алдында қалайша еш шімірікпестен
«Мен
пайғамбармын»
деп жер-жаһанға жар салып жалған
сөйлесін?!.»
42
Аллаһ елшісі (с.а.с.) пайғамбарлығынан бұрын да
турашылдығымен, табиғатының өзгешелігімен, сөзіне
беріктігімен, сенімділігімен, мейірімділігімен және
қол ұшын беруге әзір тұратын елгезектігімен теңдессіз
үлгі көрсетті.
42
Қ. Жолдыбайұлы,
Ақиқат шуағы
, «Алтын қалам» баспасы,
Алматы, 2004, б.76-83