Previous Page  55 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 200 Next Page
Page Background

55

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

көмектесетінін, базарға барып келетінін, өз жүгін

ешкімге көтертпей өзі таситынын, аяқ киімін де өзі

жамайтынын айтқан

46

.

Бір күні сахабасы Абдуллаһ ибн Юср

Пайғамбарымыздың үйіне барады. Баруын барғанмен

пайғамбардан қатты жүрексініп, жанарын тайдыра

береді. Оның өзінен қорқып аяқ-қолы дірілдегенін

көргенде әлемнің ардақты елшісі: «Бауырым,

қалтырама! Мен патша емес, Құрайыштың қатқан нан

жеген әйелінің баласымын ғой», – деген еді

47

.

Пайғамбарымыздың қарапайымдылығы сонша-

лықты – екі жаһанның марзасы болғанына қарамастан

өзін елден бөлек ұстауды қаламайтын. Адал достары

сахабаларының арасында отырған кезде Аллаһ елшісін

танымайтын адамдар алғашында оны топтың ішінен

ажырата алмайтын. Алайда сахабалардың ізеті мен

құрметін көргенде ғана, кімнің пайғамбар екеніне көз

жеткізетін

48

.

Пайғамбарымыз Меккеге кірген кезде де жеңімпаз

рухымен көкірек кермей, кішіпейілдік танытқаны

соншалықты – басын төмен игенде басы атының еріне

тиген.

Пайғамбарымыз Исламды уағыздап, оның мемлекет

болғанын көрген басшы болды. Тек қоғамдық салада ғана

басшы емес, бүкіл сахабаларының терең сүйіспеншілігіне

бөленіп, жүректерінің төрінен орын алды. Егер

Аллаһтың елшісі қаласа, жанкешті сахабалары оған

46

Тирмизи,

шәмәил, 57

47

Абдуррахман Аззам, Расулу акрамын өрнек ахлакы, (түрік

тіліне аударған: Х. Караман), Стамбул, 1978, 61-б.

48

Ибн Хишам, Сира, 2т., 492-б.