56
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
сарай салып, таққа отырғызар еді. Алайда ол алғашында
қандай қарапайым болса, өмірден озғанға дейін де сол
қарапайымдылықтан аумады. Өмір бойы ши төсекте
жатты. Мәдинада қайтыс болып, сол шидің астына
жерленді.
Пайғамбарымыздың құлшылығы
Құлшылығының өзі – хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.)
пайғамбарлығының ең маңызды дәлелдерінің бірі.
Жамағатын құлшылық жасауға шақырса, құлшылықтың
да қалай жасалу керектігін өмірімен өрнектеп, өзі
көрсетіп берді. Сол құлшылықтардың ішінде намазға
ерекше мән беретін. Намаз Жаратқанның әмірі болса
қалайша мән бермесін?! Өйткені Құдіреті күшті
Жаратқанның жарлықтарын ең керемет орындаған да
өзі емес пе еді?!
«Намаз – көзімнің қарашығы, құмарлығым»
дейтін. Әсіресе түнгі намазға деген ықыласы алабөтен
еді. Айша анамыздың (р.а.) жеткізгеніндей, түнде
анамыздан рұқсат сұрап, көз жасын көлдете тұрып
намаз оқитын. Сондай кездердің бірінде жан жары,
мұсылмандардың анасы Айша одан: «Аллаһ тағала
сіздің өткен және болашақтағы күнәларыңызды кешірді.
Неге өзіңізді сонша қинайсыз?» – деп сұрағанда,
«Осыншама игілікке бөлеген Аллаһқа қалайша
шүкіршілік еткен құл болмайын?!» – деген еді
49
. Оның
көз жасын төкпей оқыған намаздары жоқтың қасы.
Сахабалар ол намаз оқығанда, көкірегінен айналған
диірмен тасының дыбысындай дыбыстың естілгенін
49
Мүснәд 169/93, 111-б.