Previous Page  53 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 200 Next Page
Page Background

53

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

топырақ шашып, аяғының астына тікен төсеп жәбір-жапа

шектіргендерге ыза-кек сақтамады. Тіпті көңілі қалып,

олардан безіп кетпек былай тұрсын, қайта науқастанған

кездерінде хал-жағдайларын сұрап барып тұрды.

Рақым шуағын алып келген Ардақты елші (с.а.с.)

адамдардың қажеттілігіне жәрдемші болуды негізгі

міндеті деп санайтын. Алдына мұңын шағып кім келсе

де, қолында барын беретін, жоқ болса жұмсақ сөзбен

өмірге қажет өсиеттерін айтатын. Ерекше мейірімділігі

мен жұмсақтығын көрген халық оның мейірім құшағын

паналайтын, тіпті әрқайсысы әкесіндей жақын көретін.

Айша анамыздың айтқанындай, Пайғамбарымыз

(с.а.с.) екі істің біреуін таңдау керек болса, егер ол күнә

болмаса, адамдар үшін жеңіл болғанын таңдайтын.

Ол: «

Дінді қиындатпай жеңілдетіңдер, қорқытып

үркітпей, сүйіншілеп қуандырыңдар!

» – деп насихат

еткен.

Әділдіктің айнасы

Хақ дінмен жіберілген Пайғамбарымыздың өмірі де

әділдік үлгілеріне толы. Аллаһтың әмірлерін адамзатқа

жеткізген Ол соны кемеліне жеткізе орындады да.

Бұрын күшті әлсізді езіп, әлімжеттік жасаса, адамдар

заң алдында әлеуметтік дәрежесіне қарай жауапқа тар-

тылса, Пайғамбарымыз бұның бәрін жоққа шығарды.

Барлық адамдардың заң алдында бірдей жауапты екенін

ұқтырды.

КезіндеМахзумилер руының бір әйелі ұрлықжасайды.

Құрайыштар текті әулеттен шыққан бұл әйелді жауапқа

тартпауды қарастыра бастады. Пайғамбарымыздың Усама

ибнЗәйдті ерекшежақсыкөретінінбілгендіктенараға соны