49
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Сенімді әрі турашыл
Пайғамбарлық келгенге дейінгі өміріне көз жүгіртер
болсақ, хазірет Мұхаммед (с.а.с.) қырық жасына дейін
ел ішінде ең сенімді тұлға ретінде танылған. Мекке
халқы оны «Мухаммадун Амин», яғни, «Сенімді
Мұхаммед» деп атайтын. Мекке халқынан әлдекім
сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды заттарын
еш күмәнданбастан хазірет Мұхаммед (с.а.с.) ама-
наттап тапсыратын. Пайғамбарымыз өмірінде ешбір
аманатқа қиянат жасамаған, өйткені оның дінінде
аманатқа қиянат ету, уәдеде тұрмау және жалған
сөйлеу – екіжүзділіктің белгісі. Тіпті, Пайғамбарымыз
Меккеден Мәдинаға көшуге мәжбүр болған кезде де
қолындағы Мекке халқының аманатын иелеріне тап-
сыру үшін хазірет Алиді орнына қалдырған.
Иә, Ол (с.а.с.) осылайша өзіне қарсы шығып, тіпті
өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мәжбүр
еткен пенделердің де аманаттарына қиянат етпеген.
Мекке халқы оның пайғамбарлық қонған қырық
жасына дейін бір рет те жалған сөйлегеніне куә
болмаған. Оны мына оқиғадан да анық байқаймыз.
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) сол кездегі патшаларға
хат жолдап, оларды туралыққа, хақ жолына шақырды.
Сондай хаттардың бірі Рим патшасы Ираклийдің
қолына тигенде, сол кездері Шам аймағында жүрген
Мекке мүшріктерінің бетке ұстары Әбу Суфиянды
қасына шақыртып алып, араларында мынадай әңгіме
өрбиді. Біраз нәрселердің мән-жайына қаныққан соң
Ираклий Әбу Суфиянға былай деп сұрақ қойды:
– Өмірінде өтірік айтқанын естідіңдер ме?
– Жоқ, ешқайсымыз естіген емеспіз.
– Сонда сендерді неге шақыруда?