Previous Page  44 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 200 Next Page
Page Background

44

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

құлқыжайлы сұрағанда, Айша анамыздың «Сендер Құран

оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы – Құран еді ғой»

35

деп жауап беруі осыны дәлелдейді. Оның бүкіл ғұмыры,

мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы – тек пайғамбарда ғана

кездесетін ерекшеліктер. Міне, сондықтан да Хақ та­

ғала Құранда:ٍ

وَإِنّكَ لَعَلٰى خُلُقٍ عَظ۪يم

«Расында, сен керемет мінез-құлыққа иесің»

36

– деп Аллаһ елшісінің бойындағы осы қасиеттерді нұс­

қайды.

Ардақты елшінің өзі де:ِ

إنّما بُعِثْتُ لأُتَمِّمَ مَكَارِمَ الأَخْلاق

«Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін

жіберілдім», –

деп, өзінің өмірге келгендегі асыл

мұратын білдіре келіп, саналы ғұмырын көркем мінезді

дәріптеуге арнады.

«Көркем мінез»

жайлы білмек

болған бір кісіге Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«

(Уа, Мұхаммед!)

Кешірімділікті ұстан,

жақсылыққа бұйыр және надандарға сырт бер»

37

деген аятты оқып:

Көркем мінез – туыстық қарым-қатынастарын

үзгендермен

арадағы

аралас-құраластықты

арттыруың, саған жамандық жасағандарға

жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің,

– деп, елді тек жақсылық пен ізгілікке шақырды.

Артынан ерген үмбетіне

35

Муслим,

Мусафирин, 139

36

«Қалам» сүресі, 68/4

37

«Ағраф» сүресі, 199