41
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ٌلَقَدْ جَاءكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتّمْ حَرِيصٌ
عَلَيْكُم بِالْمُؤْمِنِينَ رَؤُوفٌ رّحِيم
«Расында, сендерге іштеріңнен ардақты бір
пайғамбар келді. Қиналғандарың оған ауыр тиеді. Сен-
дерге өте ынтық. Мүминдерге өте жұмсақ, ерекше
мейірімді»
29
.
Пайғамбарымыз:
«Менімен сендердің жағдайларың
отжаққан адамныңжағдайы сияқты. Отжаққан кезде,
пәруәналар (шыбын-шіркей) отқа түсе бастайды. Ол кісі
болса, оларды жасқап жақындатпауға тырысады. Мен
де сендерді оттан сақтау үшін етектеріңнен тартқылап
әлекпін. Алайда сендер қолымнан сытылып кете
бересіңдер»
30
деу арқылы үмбетіне деген жанашырлығын
көрсеткен еді.
Балаларға деген мейірім
Пайғамбарымыздың балаларға деген мейірімділігі
елден ерекше еді. Ол балаларды маңдайынан иіскеп
сүймеуді – тас жүректілік пен мейірімсіздіктің белгісі
әрі Аллаһтың рақымдылығынан мақұрым қалу деп
түсіндірді.
Немерелері Хасан мен Хусейнді Пайғамбардың
құшағына алып, аймалағанын көргенде Ақра ибн
Хабис:
«Ойпырм-ай, менің он балам бар, осы уақытқа
дейін ешқайсының маңдайынан иіскеп, бастары-
нан сипап көрмеппін»,–
дегенде, Аллаһ елшісі оған:
«Мейірім көрсетпегенге (Аллаһтан) мейірім жоқ»,–
деп ойланта жауап береді
31
.
29
«
Тәубә» сүресі, 128
30
Бухари,
риқақ, 26
; Муслим,
фәдәиль, 17-19
31
Бухари,
Әдәб, 18
; Муслим,
Фәдәиль, 65