43
Ерекше жаратылған
мінез-құлық
Жаратқан Ием пайғамбарларын адамзаттың
кемелденуі жолында үлгі етіп жіберген. Ал солардың
ішінде діндердің бәрін толықтырып, кемеліне келтіру
үшін жіберілген пайғамбарлықтың тәжі, елшілердің
сұлтаны – хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) орны ерекше.
Тарихтың куәлігі бойынша, Аллаһ елшісінің мінез-
құлқы, адамзат баласының таныған асыл қасиеттерінің
ең керемет үлгісі еді. Ол пайғамбарлықтан бұрын да
ар-намысы, тазалығы, абыройлығымен елге танылған
болатын. Қараңғылық үстемдік еткен қоғамда
өскенімен, ол адамдық атына селкеу түсіретін жаман
әрекеттерден бойын аулақ ұстап, ішімдік ішпеген,
меңіреу пұттарға табынбаған, ешкімге тізесін баты-
рып, қаскөйлік жасамаған, тек жақсы жақтарымен аты
шықты. Тіпті пайғамбарлығын жариялағаннан кейін
қас дұшпандарының өзі Оның бетіне салық қып баса-
тындай ешбір жағымсыз қасиет, кемшілік таба алмаған.
Он сегіз мың ғаламның раббысы, рақымы шексіз
Жаратқан Ие адамзаттың бақыты үшін қасиетті
Құранды түсірсе, сол Кітаптағы иләһи бұйрықтардың
барлығына терең иман келтіріп, өз бойында мінсіз
көрсетіп, адамдарға үлгі болды. Оның мінез-құлқы –
Құранның тәлімінен сүзіліп шыққан сүттен ақ, судан таза
ұстанымдардың жиынтығы. Пайғамбарымыздың мінез-