Previous Page  48 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 200 Next Page
Page Background

48

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

ке бөленсе, Жәбірейіл періште Пайғамбарымызды сол

жүрген жерін берекетке кенелтетін бұлттан да асырып:

«Аллаһтың елшісі берекет әкелуші желден де жомарт»

40

,

дейтін.

«Жомарт – Аллаһқа, жаннатқа және халыққа

жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Аллаһтан,

жаннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға

жақын»

41

деген

Расулаллаһ өзі де өнегелі өмірінде

жомарттықтың керемет үлгісін көрсетті.

...Бір бәдәуи Пайғамбарымыздан мал-мүлік

сұрады. Пайғамбарымыз сұрағанын берді. Тағы да

сұрап еді, тағы да берді. Үшінші рет сұраған кезде

Жаннаттың бекзадасы (с.а.с.) қолында еш нәрсесі

қалмағандықтан тауып беруге уәде етті. Пайғамбарды

өз жанынан артық сүйген Омар бұл көрініске шыдай

алмай: «Уа, Расулаллаһ! Сіздің елшілігіңізге ризамыз.

Сізден сұраған кезде бердіңіз, тағы сұрады, онда да

бердіңіз. Тағы да сұраған кезде, қолыңызға түскен

кезде беремін деп уәде еттіңіз. Неге өзіңізді соншама

қинайсыз?!» – деді. Сол сәт Омардың бұл сөзін салқын

қабылдаған Пайғамбарымыз қабағын шытты. Бұны

байқаған Абдуллаһ ибн Хузафа тұрып былай деді: «Уа,

Расулаллаһ, (Аллаһ үшін) бер! Ғарыштың иесі Сені аш

қалдырады деп қорықпа!»

Бұл жауапты естігенде Пайғамбарымыздың

қабағы ашылып, жүзі қайта күлімсіреді. «Мен осылай

жасау үшін жіберілдім» деп, өзінің бұл дүниеге деген

көзқарасының қандай екенін көрсетті.

40

Муслим,

фәдәил, 12

41

Тирмизи, Бирр, 40.