54
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
салды. Ол әйелді жазаламауды өтініп Пайғамбарымызға
келді. Пайғамбарымыз сонда Усамаға былай деді:
– Осындай алалаушылығы себепті Исраилұлдары
жазаға душар болды. Олар кедейлерге ең ауыр жаза
беріп, беделді және бай адамдарын жауапқа тартпай-
тын.
Пайғамбарымыз әділ үкім беретін кезде, «мынау
ақсүйек, мынау шаруа я болмаса мұсылман-кәпір» деп
бөле-жармай тең қарайтын.
Бір еврейден қарыз алған Әбу Хадрад деген
сахаба қолында берер еш нәрсесі болмағандықтан оны
уақытында өтей алмайды. Еврей Пайғамбарымызға
шағымданады. Пайғамбарымыз әлгі еврейге біраз уақыт
мұрсат беруін сұрайды. Алайда еврей бұған да көнбеген
соң, Пайғамбарымыз баласындай жақсы көрген сахабасы-
на үстіндегі киімін сатып, қарызының бір бөлігін беруін
өтінді. Әбу Хадрад солай жасады. Пайғамбарымыз өзінің
сахабасы болғанына қарамастан әділдікті жақындықтан
жоғары қойды.
Кішіпейіл, қарапайым асыл сипат
Пайғамбарымыз адамзаттың ең ардақтысы болғанына
қарамастан үмбетіне: «Христиандардың Иса жайлы
«Аллаһтың баласы» дегеніндей мені мақтауда шектен
шықпаңдар. Мен тек – Аллаһтың құлы және елшісімін»,
– деп, «елшісі» деген сөзден бұрын «құлы» дегенді
қолданатын.
Айша анамыз үй ішінде Пайғамбарымыздың ел
секілді қарапайымдылық танытатынын, өз киімін өзі
жамайтынын, қойларын сауатынын, үйдегі жұмыстарға