60
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Досы да, дұшпаны да мойындады
Әзірет Мұхамедтің ұлы тұлғалығын мұсылмандар
ғана емес, көзі ашық көкірегі ояу ынсапты басқа дін
мен мәдениет өкілдері де мойындап бас иді.
Ламартин:
«Ұлылардың ұлылығы немен өлшенсе
өлшенсін, бірақ хазірет Мұхаммедтің ұлылығынан ұлы
пенде жоқ»
.
Гете:
«Біздер, Еуропа халықтары мәдениетіміз
айрықша дамығанымен, хазірет Мұхаммедтің
ұлылығының ең бірінші сатысында ғана тұрмыз. Оған
ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Бұдан кейін де
одан ешкімнің аса алуы мүмкін емес»
.
А. Бесант:
«...Егер дүниеде халықты дін
қағидаларымен соңынан ерте білген біреу болса, ол
–Мұхаммед. Ол ешқашан өзін асыра бағаламады.
Пайғамбар болу еш күмәнсіз оған тән еді. Қазір оның өмірі
мен асыл мұратын түсінген кім болса да оның ұлылығына
бас иері сөзсіз...»
.
Б. Шоу:
«Егер қазіргі әлемді басқару құқы
Мұхаммед секілді бір адамға берілетін болса, ол барлық
мәселелерді сары майдан қыл суырғандай оп-оңай
шешер еді және бұл шешімдер сондайлық тыныштық
пен бақыт әкелер еді. Мен ертеңгі Еуропаның
Мұхаммед дінін қабылдайтынын болжаймын, тіпті
Еуропа оны қазірдің өзінде қабылдай бастады»
.
М. Харт:
«Әлемде өте ықпалды болған адамдардың
тізімінің басына Мұхаммедті қоюым кейбіреулерді
таңдандыруы мүмкін. Алайда тарихта дүниелік әрі діни
салада сөзсіз табысқа жеткен адам сол (Мұхаммед).
Мұхаммедтің Исламға жасаған жеке ықпалы Иса Мәсіх
пен Павелдің бірге христиандыққа жасаған ықпалынан