Previous Page  58 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 200 Next Page
Page Background

58

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Ықыласы

Ықылас – ниеттің кіршіксіз таза, шынайы, тура

болуы. Ол көңіл пәктігін, жүрек тазалығын, көңілді

кірлететін қылықтардан алыс әрі кез келген пікірінде

ұстамдылықты білдіреді. Құлшылықта Аллаһқа ортақ

қоспай, ешқандай ішкі есепсіз қана Аллаһ разылығын

көздеп, жауапкершілігі мен міндеттерін тек қана Жап­

пар Жаратушының бұйырғандығы үшін орындау.

Осы шынайы қасиет – саф құлдардың ең маңызды

қасиеттерінің бірі. Осы қасиеттің шыңында да Аллаһ

елшісін (с.а.с.) көреміз.

Меккелік мүшіріктер алған бетінен қайтару үшін

оған атақ, байлық, билік не керек болса де беретінін

айтқан кезде, ол: «Аллаһқа ант етемін, бір қолыма

Күнді, екінші қолыма айды берсеңдер де бұл ісімнен

бас тартпаймын», – деп дінді таратуда ешқандай

дүниелік мақсатының жоқтығын әуел баста-ақ ашық

айтқан-ды

53

. Құран кәрім де Пайғамбарымыздың терең

ықыласын суреттеп: َ

قُل لّ أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْراً إِنْ هُوَ إِلّ ذِكْرَى لِلْعَالَمِين

«(Қауымыңа): «Мен пайғамбарлық міндетімді

атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Бұл

кітапты үгіттеуімнің жалғыз себебі: оның күллі

әлемге (жаратылыс атаулыға) ескерту һәм насихат

болғандығы» – деп айт»

54

,

53

Қараңыз: Ибн Һишам, Сирә, 2/285.

54

«Әнғам» сүресі, 90