Previous Page  64 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 200 Next Page
Page Background

64

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

пайғамбарды тану десек, тек жақсы таныған адамның

ғана шынайы сүйе алатындығы шындық.

Негізінде, бұл сүйіспеншіліктің қандай болу

керектігін үйреткен де Аллаһ және оның елшісі еді.

Аллаһ тағала Құранда:

﴿قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبّونَ اللَّ فَاتّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللُّ وَيَغْفِرْ لَكُمْ

ذُنُوبَكُمْ وَاللُّ غَفُورٌ رّحِيمٌ﴾

«Егер Аллаһты жақсы көрсеңдер, маған

бағыныңдар, Аллаһ та сендерді жақсы көріп

күнәларыңды кешсін. Аллаһ тағала тым кешірімді

әрі аса рақымды»

56

(де) – деу арқылы Аллаһ өзінің

елшісіне бағынуды, соңынан еруді, үлгі алуды әмір

етеді. Шындығына келгенде, оны үлгі тұтып, артынан

еру тек сүйіспеншілікпен ғана жүзеге аспақ

.

Тағы бір аятта Аллаһ тағала:ْ

النّبِيّ أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنفُسِهِمْ وَأَزْوَاجُهُ أُمّهَاتُهُم

«Мүминдер үшін пайғамбар өз жандарынан да

артық. Әйелдері олардың аналары...»

57

дейді.

Сүйіспеншіліктің қандай болу керектігін үйреткен

Пайғамбарымыздан өмірдің мәнісін толық ұққан саха-

балар оны қалай жақсы көрудің асқан үлгісін көрсетті.

Олардың қай-қайсысы болсын осы жолда шыбын

жанын пида етуге әзір еді.

56

«Әли Имран» сүресі, 31; Құранда Аллаһқа және Пайғам-

барымызға мойынсұнуға шақыратын аяттар көп. Мысалы,

«Әли Имран» сүресі, 32; 132; т.б.

57

«Ахзаб» сүресі, 6