62
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
мұншама көптігі одан бұрынғы және одан кейінгі ешбір
тұлғада кездеспейді.
Адамзат тарихы ешқашан билеуші, даңқты жау-
лаушы, танымал реформатор, ұлы тұлғалардан кенде
болған емес. Алайда олардың әрбірі өз саласында ғана
көзге түскен. Ал осы қасиеттердің бәрінің бір ғана
тұлғаның бойында жиналуы – өте сирек оқиға. Алға
қойған мақсаты толықтай жүзеге асып, қиюы қашқан
тайпалардан ірі мемлекет құрылғанын көзімен көрген
тұлға – хазірет Мұхаммед қана.
Уақыт өткен сайын тарихта өмір сүрген мемлекет
басшылары мен қоғам көсемдері жайлы естеліктер
уақыттың қатпарында қалып шаңға көміліп жатса,
жаңаша лебіздер мен хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) деген
сүйіспеншілік күн сайын жаңарып, жаңғыра түсуде.