Previous Page  66 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 200 Next Page
Page Background

66

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

Алаһты жақсы көрген адамның Оның елшісін

сүймеуі мүмкін емес. Әзірет Пайғамбарды (с.а.с.)

еске алғанда, көз алдымызға асқан мейірім мен

сүйіспеншілік келеді. Ол бүкіл адамзатқа мейірімділік

пен рақым алып келді. Достары түгіл дұшпандары да

одан тек қана жақсылық пен ізгілік көрді. Оның нұрлы

өміріне көз салсақ, бұның мысалын көптеп көреміз.

Соның бірі – Хаббар ибн Әсуадтың мысалы. Ол

мұсылмандарға әрдайым жапа шектіріп, қолынан

келген қиянатын істеп-баққан, бірнеше мұсылманның

жанын қиған, пайғамбардың қас дұшпаны еді. Бұл

дұшпандығымен де шектеліп қалмай, Мекке қаласынан

Мәдинаға қарай көшіп бара жатқан Зейнепті, екі жаһан

сардарының қызын, қастандықпен атынан аударып

тастайды. Осының нәтижесінде аяғы ауыр Зейнеп

баласын түсіріп алған-ды. Біраз уақыт өткеннен

кейін бұл кеселден өзі де қайтыс болады. Мекке

алынған кезде, Пайғамбарымыздан кешірім сұрап

жалбарынғандардың арасында қызының ажалына

себеп болған Хаббар ибн Әсуад та бар еді, бірақ рақым

пайғамбары оны да кешірді.

Кезінде азулы дұшпандары оның бойындағы

көркем мінез бен мейірімділік, әділдік пен адалдықты

көргенде, олардың жүрегі жібіп, оның ең жақын

серіктеріне айналған еді.

Бір кездері Исламның ата жауы Амр ибн Ас Аллаһ

тағала иман нәсіп еткеннен кейін ол да басқа сахаба-

лар сияқты кезінде өз қолымен өлтіруге жанын салған

Мұхаммедті (с.а.с.) жанынан да артық сүйген бола-

тын. Дүние саларында ол «Алғашында кәпір едім...

Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) қатыгездік танытқандардың