70
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ді. Өйткені, азандағы «Әшһәду әннә Мухаммадан
Расулуллаһ» (Мұхаммедтің Аллаһ елшісі екендігіне
куәлік етемін) деген сөйлемді айта алмай тамағына
өксік тығылып, іркіліп қалатын. Даусы шықпай, көз
жасына булығып, аяғының буыны босап кете беретін.
Пайғамбарымыздың «менің дүниеде мауқымды
басқан екі райханым» деп атаған немерелері Хасан
мен Хүсейіннің өтінішінен кейін, соңғы рет Мәдинада
азан шақыруға бел буды. Көзін көкке қадап тұрып,
бүкіл жан дүниесімен азан шақырды. Бүкіл Мәдинада
Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген сағыныш жаңғырды. Ел
тегіс көшеге шықты. Расулаллаһтың нұрлы өмірін көз
алдарына елестетіп, Пайғамбарымыз қайта тіріліп
келіп, Біләлге азан шақыртқандай әсер қалдырды. Сол
күні көзіне жас алып иығы селкілдемеген тірі жан
қалмады
64
.
Қандай иман! Таңқаларлық сүйіспеншілік! Адамзат
тарихында хазірет Мұхаммедтей (с.а.с.) мұншама
сүйіспеншілікке ие болған ешкім жоқ»
65
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Муаз ибн Жәбәлді (р.а.)
Йеменге аттандырар кезде оған біраз өсиет айтты, ар-
тынша:
– Ей, Муаз, қайтып оралғаныңда, бәлкім, менің
қабірім мен мешітімді ғана зиярат етерсің» – деп,
Өзінің Ұлы Досына (Аллаһқа) аттанарлық күннің
жақындағанын сездірген еді. Бұл сөзді естіген Муаз
төбесінен жай түскендей сенделеп, тамағына өксік
тығылды. Буын-буыны босап, қолдары қалтырап,
көзі мөлтілдеп жасқа толды. Сол сәтте оның Йеменге
64
Р. әл-Баша, 1:414-416.
65
Саңлақ сахабалар, 174-175