75
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ды ести сала, екі өкпесін қолына алып, соғыс алаңына
барған қаһарман әйелдердің бірі – хазірет Сүмәйра.
Ұхұд шайқасына қатысып қаһармандық танытқан
асыл ерлердің қатарында Сүмәйраның күйеуі, бауыры
және баласы бар еді. Ұхұд шайқасында бұл үшеуі
де шейіт болып, денелерінен сау-тамтық қалмайды.
Майдан шебіне келген Сүмәйраға сахабалар көңіл
айтып, сабыр тіледі. Алайда ол: «Аллаһ расулы
қандай күйде?» – деп сұраумен болды. Сахабалар
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тірі екенін айтса да, өз көзімен
көрмейінше көңілі көншімеді. Жанындағылардан
Аллаһ расулының қайда екенін сұрап алып, бөгелместен
сол жаққа қарай бет алды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
тірі екендігін өз көзімен көріп қуанғаннан Сүмәйраның
жанарынан жас ыршып кетті: «Уа, Расулаллаһ! Әке-
шешем жолыңда құрбан болсын! Сен тірі болсаң
болды, басқа қиындық сөз емес», – деді
73
.
Күйеуі мен баласынан бірдей айырылып қалу өзіне
ауыр тисе де, олардың жаннатқа баратынына сенген
Сүмәйра көңілін осылайша жұбатты.
Ал, Аллаһ расулының (с.а.с.) қазасын сахабалардың
көбісі көтере алмайтын. Ол жағдай Аллаһтан келген
нұрдың сөнуімен бірдей қасірет еді. Сахабалардың
мәртебесін көтерген де осы шексіз сүйіспеншілік бо-
латын. Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) барша мұсылман,
күллі адамзатқа жүрегінен жеке-жеке орын табуының
өзі Аллаһтың хақ елшісі екендігінің айқын дәлелі болса
керек. Он төрт ғасыр өтсе де, арғы-бергі тарихтағы
ұлы тұлғалардың арасында аты жеке-дара аталатын
73
Ибн Кәсир,
әл-Бидая, 4/54; Сахабилер ансиклопедиси, 2: 796-
798.