Previous Page  71 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 200 Next Page
Page Background

71

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

кетпек тұрмақ, орнынан тұруға да дәрмені қалмаған

еді

66

.

Сахабалар үшін Аллаһ елшісінен (с.а.с.) жырақ

қалу ауыр соғатын. Оның нұр шашып шапағатқа

бөлеген рухани кеңістігінен жырақ қалу өмір

шамшырақтарының маздап барып сөнуіндей үрейлі

еді.

Айтылған жайт рас шықты. Муаз келесі жылы

оралған кезде сүйікті пайғамбардың қабірін зиярат

етті.

Мүшріктер «Маур-ражи» шайқасынан кейін

Хубәйб ибн Адиді дарға асайын деп тұрып одан:

– Қазір өзің құтылып, орныңа Мұхаммедтің

асылғанын қалар ма едің? – деп сұрағанда, Хубәйб

басына төніп тұрған қатерге қарамастан айбарын

шашып: – Аллаһқа ант етейін. Аспақ түгілі аяғына

тікеннің батуына да көнбеймін, – деп жауап берген

болатын. Дарға асылар кезде Хубәйб қолын көкке

көтеріп: «Уа, Раббым! Бұл жерге шығарда Сенің

сүйіктіңмен қош айтыса алмаған едім. Менің сәлемімді

оған жеткізе гөр», – деді. Дәл осы кезде сахабалары-

мен сөйлесіп отырған Пайғамбарымыз (с.а.с.) орнынан

тұрып: «Аллаһтың сәлемі болсын саған, Хубәйб!» –

деді. Қасындағы сахабалар істің мән-жайын сұрағанда,

Аллаһ елшісінің қос жанары жасқа толып: «Мүшріктер

Хубәйбті шейіт қылды. Соңғы сәтінде маған сәлем

жолдады, мен оның сәлемін алдым», – деді

67

.

Хубәйбтен бір күн бұрын шейіт етілген Зәйд ибн

Дәсина да дәл осы сөздерді айтқан болатын. Бұл

сөздерді естіген Әбу Суфиян (ол кезде әлі мұсылман

66

Муснад, 5:235.

67

Бухари,

Мағази, 38, 9

; Әбу Дәуіт,

Жиһад, 115 (2660)