Previous Page  63 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 200 Next Page
Page Background

63

Сахабалардың Адамзаттың

асылына деген сүйіспеншілігі

Ұлы Жаратушы өз құлдарын тура жолға бастау

үшін жөн сілтеуші етіп пайғамбарларын бірінен

кейін бірін жіберіп отырды. Әр пайғамбар өз міндетін

қалтқысыз орындаумен қатар ақырғы пайғамбардың

келетінін алдын-ала хабарлап кетті. Көптен күткен

мақтаулы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) келіп

дүние есігін айқара ашуы адамзат тарихындағы негізгі

жаңалықтардың бірі болды. Адамзат баласы дінді ғана

емес, ғылым мен мәдениетті үйрену тұрғысынан да

оған көптен-көп қарыздар. Аллаһ тағала сүйікті құлына

пайғамбарлық міндетті тапсырумен қатар оны «күллі

әлемге рақым етіп жіберді». Ол бүкіл адамзат баласына

шуағы мол ерекше нұр сыйлады.

Аллаһ тағала мен Расулына деген біздің

жақындығымыз, олардың назарындағы біздің

сый-құрмет, дәреже-деңгейіміз оларға деген

сүйіспеншілігіміздің қаншалықты екендігінде.

Нақтырақ айтсақ, оларды қаншалықты жақсы

көрсек, соншалықты Аллаһтың разылығына кенеліп,

мейіріміне бөленеміз. Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.)

соңынан еріп, оны үлгі тұтқан кезде ғана нағыз

бақытқа қол жеткіземіз, өйткені Аллаһ тағаланың

өзі оны күллі адамзатты кемелдікке жетелеуші ұстаз

етті. Мұсылманның басты міндеті – Аллаһты және