59
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
ًقُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ إِلّ مَن شَاء أَن يَتّخِذَ إِلَى
رَبِّهِ سَبِيلا
«Оларға: «Мен осы еңбегім үшін сендерден ақы
сұрамаймын. Менің жалғыз тілегім, Раббысына
жол табуды қалаған әрбір жанның сол жолды адас-
пай табуы» – деп айт»
55
деген.
Аллаһ елшісінің бар арманы адамдардың Хақ
тағаланытанып, өмірлерін иман нұрымен нұрландырып,
Абайша айтқанда «Атымды адам қойған соң...» де-
гендей, адамдыққа сай өмір сүріп, ақиретте азаптан
құтылса екен деген таза ниет еді. Адамзаттың асылы
елден ақы талап етпек түгіл, қайта қолындағысының
бәрін иманға кенелсе екен деп таратып жіберетін. Ол
хазірет Алиге: «Сенің себепкерлігіңмен бір адамның
тура жолға (иманға) келуі, мыңғырған қызыл түйеге
ие болуыңнан артық», – деп асыл арманының не екенін
паш еткен-ді. Тіпті Хунәйн шайқасынан кейін түскен
олжаның көпшілігін Меккенің бетке ұстарларына
таратып берген кезде, кейбір мәдиналық жас сахабалар
өздеріне тиген үлесті азсынып: «Олардың
қаны
ә
лі
қылышымыздан тамшылап тұр. Сөйте тұра, ең
үлкен үлесті де солар алып жатыр»,
– деп ренжіген
кезде, Пайғамбарымыз: «Олар үйлеріне түйе, қой,
жылқылармен қайтып жатқанда, сендер Аллаһпен әрі
елшісімен қайтуды қаламайсыңдар ма?» – деп, олардың
жүрегін тербетерлік сөздер айтқан кезде: «Бізге
Аллаһ
пен елшісі қымбат, басқаның қажеті жоқ»,
– деп көз
жасына булыққан еді.
55
«Фурқан» сүресі, 57