34
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
Зәйд ибн Амрдың да басынан кешкендері ғибрат
аларлық. Ол – көзі тірісінде жаннатпен сүйіншіленген
атақты сахаба Сәид ибн Зәйдтің әкесі, Зейнеп бинт
Жахыштың ағасы, хазірет Омардың көкесі еді.
Қараңғылық үстемдік еткен жаһилия кезеңінің өзінде
бойын пұтқа табынушылықтан сақтап, елге бір Құдайға
ғана сену керектігін айтып, шырылдайтын да жүретін.
Сахаба Амр ибн Рабия осы Зәйд ибн Амрдың былай
дегенін жеткізеді:
«Исмайылдың, сосын Әбділмүттәліптің тегінен
шығатын бір нәбиді (яғни пайғамбарды) күтіп жүрмін.
Сол бір жарық күнді көзіммен көрем бе, көрмеймін бе,
білмеймін, алайда осы күннен-ақ оған иман келтіремін.
Ол орта бойлы, тым ұзын да, аласа да емес. Шашы аса
бұйра да, тым тік те емес. Есімі – Ахмет. Туылатын жері
– Мекке. Пайғамбар ретінде де сол жерге жіберіледі.
Сосын оның насихаттағаны ұнамай, елі Меккеден
қуады. Ясрибке (Мәдина) һижрет жасайды және
әкелген діні сол жерден тарайды. Одан мақұрым қалып
жүрме. Мен қаншама жер аралап, хазірет Ибраһимнің
дінін іздедім. Барлық мен сөйлескен яһуди мен христи-
ан ғалымдары маған іздегенімнің кейінірек келетінін
және саған айтқан нәрселерімді айтты. Ол – соңғы
пайғамбар және одан кейін пайғамбар келмейді»
24
.
24
Суюти, Хасаисул-Кубра, 1\43. Амир ибн Рабия әрдайым
былай дейтін: Аллаһ нәсіп етіп, мен де мұсылман болдым.
Сосын Аллаһ расулына Зейдтің айтқандарын айттым. Оның
сәлемін айтқанымда, пайғамбарым Зейдтің сәлемін алды.
Сосын ол туралы «Қиямет күні жалғыз өзі бір үмбет болады.
Мен Зейдтің жұмақта етегін сүйретіп жүргенін көрдім», –
дейді.