Previous Page  31 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 200 Next Page
Page Background

31

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

«Мен оны іздеп барғанда, Аллаһ елшісі сахаба-

ларымен бірге әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Мен

оларға: «Сендер кедей жансыңдар. Мен садақа алатын

жер іздеп жүр едім. Мыналарды сендер үшін әкелдім.

Ал, қанеки, дәмнен алыңдар», – дедім. Аллаһ елшісі

(с.а.с.)

жанындағыларға қарап: «Сендер жеңдер»,

– деді. Өзі ауыз да тимеді. Ішімнен «Монахтың

айтқан бірінші белгісі» дедім. Ертеңіне тағы бардым:

«Бұл садақа емес, сендерге арнаған сыйым, дәмнен

алыңдар», – дедім. Аллаһ елшісі (с.а.с.)

сахабаларға

қарап «алыңдар» деді. Өзі де жеді. Ішімнен «екінші

белгі де анықталды» дедім.

Бір күні сахабалардың бірі қайтыс болды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) да жаназаға қатысып, Бақиул-

ғарқадқа (Мәдина мазараты) келді. Жанына барып сәлем

бердім. Сосын арқа жағына барып, пайғамбарлық мөрін

көруге тырыстым. Ол да ниетімді сезе қойды. Онсыз да

иықтары ашық болатын. Осылайша көзге ұрып тұрған

пайғамбарлық мөрін де көрдім. Үшінші белгі де дәл

монахтың сан жылдар бұрын айтқанындай. Өзіме-өзім

ие бола алмай айрықша толқып, құшақтап, мөрді сүйе ба-

стадым. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тоқта, тоқта!» – деді. Мен

кейін шегіндім. Содан кейін алдына отырдым да, басым-

нан кешкенімді түгелдей баян еттім. Ол қатты қуанды.

Тіпті, айтқандарымды сахабалардың да естуін қалады...»

19

Монах Бахираның да оқиғасы тарихшыларға кең та-

нымал. Ол жыл сайын Меккелік керуендер тынығатын,

суы мен нуы мол тоғыз жолдың торабында жатқан

19

Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Ибн Хишам, әс-сира,

1/228-234; Ибн Әсир, Усдул ғаба фи марифатис-сахаба,

Мысыр, 1328, 2:414;; Саңлақ сахабалар, 202-207