Previous Page  26 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 200 Next Page
Page Background

26

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

ибн Сәләмнің Пайғамбарымыздан өтінгеніндей өтініш

жасаудасың», – деп тілегін орындайды. Қаладағы

дін адамдары мен саудагерлерді шақырып, өздеріне

жақында көшіп келген христиан ғалымы (Абдуллаһ)

жайлы пікірлерін сұрастырған кезде, барлығы тегіс

оның ардақты, абыройлы, іштеріндегі ең білімді

адам екенін айтады. Сол кезде әмір олардан: «Егер

оның мұсылман болғандығын естісеңдер, не дер

едіңдер», – деп сұрағанда, ондай жағдайдың болуы

мүмкін еместігін айтады. Сол кезде жасырынып

тұрған Абдуллаһ елдің алдына шығып, барлығының

көзінше мұсылмандықты қабылдағандығын жария-

лайды. Діндес бауырлары оның үйленуге бола осындай

қадамға барғандығын айтып, шығып кетеді, өйткені

христиан дін адамдарына үйленуге рұқсат берілмейтін.

Міне, осы испандықтың мұсылмандықты қабылдауы

дәл кезінде яһудилердің арасында саусақпен нұсқап

көрсететін Абдуллаһ ибн Сәләмнің мұсылмандықты

қабылдау оқиғасымен бірдей болған еді. Оның

Абдуллаһ атын алуы да содан. Кейін ол Ислам дінін

қабылдап христиандыққа қарсы кітап жазады. Кітабы

«Тухфатул әриб фи рәдди ала әхли ас-салиб» деп

аталды

12

.

Бұрынғы аты Дэвид Бенжамин Келдани болған

Абдулахад Давуд Келдани мәзһабының Рим Католик

шіркеуінің монахы (рахиб) еді. Ол 1867 жылы Иранның

Үрмия қаласында христиан отбасында дүниеге келген.

12

Бұл кітап түрік тіліне аударылған. Абдуллаһ ибн Абдуллаһ

Тәржуман Моиорки, Реддие (Тухфәтул әриб фи рәдди ала

әһли ас-салиб), (Түрік тіліне аударған: Шахвер Челикоглы)

Хатибоглы баспасы, Стамбул, 1982 ж.