28
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
– Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) қатысты көптеген
ишараттарды тауып, арнайы бір кітап етіп жариялады
13
.
Осы ретте кезінде июдей отбасынан шығып, хақ
дін Исламды қабылдаған алдыңғы аты Леопольд Вейсс
(1900-1992) болып, Исламды қабылдағаннан кейін
ардақты елшінің құрметіне атын Мухаммед, ал тегін
«арыстан» мағынасына келетін Әсәд деп өзгерткен
бақытты жанның есімін де атай кеткен жөн. Исламды
танығаннан кейін оның да өмірі күрт өзгеріп, өмірін
Исламға қызмет етуге арнаған-ды
14
.
Ислам дінін қабылдаған Махачкала синагогының
бұрынғы раввині М. Кривицко бұл ақиқатты былай-
ша мойындайды: «...Тәуратта «келесі пайғамбарға
еріңдер» деген илаһи тіркес бар, мұны діннен хабары бар
адамдардың бәрі біледі. Мен Исламға назар салғанда,
оның Мұхаммед пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) екенін анық білдім. Бұл – қасиетті кітаптарда
жазылған талап. Менің ойдан қосқан ештеңем жоқ»
15
.
Тіпті 2012 жылы 23 наурызда жарық дүниемен қош
айтысқан Католик шіркеуінің Стамбулдағы Түркия өкілі
Г. Моровичтің (
George Marovitch) де мұсылмандықты
мойындағандығына қатысты мәліметтердің түрік
13
Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Теврат ве Инжиле гөре
Хз. Мухаммед (а.с.), аударған Н. Чам, Измир, 1992; Х.
Даржан, Бир Османлы Муһтедиси оларак Абдулаһад Давуд,
(магистрлік диссертация), Сакария университеті, 2008 ж. Бұл
еңбекті мына адрестен таба аласыз:
http://www.belgeler.com/blg/1hgx/
14
Оның өмірі мен қызметі жайлы мәліметтерді интернет
сайттарынан оңай табуға болатындықтан көп тоқталмадық.
15
Ұлы тұлғалар ислам жөнінде, Алматы, «Шапағат-Нұр», 2002,
56-б.