Previous Page  27 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 200 Next Page
Page Background

27

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

1886 жылдан бастап үш жыл бойы сол қалада Сурияни

христиандарын оқытатын Жантербург Бас епископтық

миссия ұйымында мұғалім ретінде қызмет атқарды.

Ерекше дарындылығын байқаған батыстық мисси-

онерлер оның білімін шыңдағанын қалайды. 1892

жылы Кардинал оны Propaganda Fide College-ге діни-

философиялық зерттеулер жүргізу үшін Римге жолдай-

ды. Үш жылдан кейін ол дін қызметшісі дәрежесіне

көтерілді.

Христиан дін ғалымы ретінде белсенді қызмет

атқарған, миссионерлік қызметтерге де араласқан

Дэвидтің көңіліне христиандықтың ақиқаттығына

қатысты күмәндар туындай бастады. Сөйтіп, 1900

жылы жазғытұрым елден жырақтап, құлшылық пен

терең ойға беріле отырып, бір ай бойы Киелі кітапты

негізгі (түпнұсқа) тілінен оқиды. Нәтижесінде, ол

Үрмиядағы Бас епископқа өтініш жазып, қызметтен

кетеді.

Кейіннен Стамбулда шейхул-Ислам Жамалуддин

эфендимен, өзге де Османдық ғалымдармен пікір

таласа жүріп Ислам дінін қабылдап, Аллаһ тағаланың

жалғыз-даралығын қабыл еткендігінің белгісі ретінде

атын Абдулаһад Дәуіт деп өзгерткен.

Ибрани (Иврит), сурияни, арамей және грек

тілдерін жетік білген Бенжамин ескі діндерді негізгі

қайнар көзден оқып-білуіне оң жағдай жасады. Араб

тілі мен ислами мәселелерді де меңгеруі оның ақиқатқа

деген құлшынысын арттырып, Ислам дінін қабылдады.

Ол өз христиандық ғылыми тәжірибесінің негізінде

Тәурат пен Інжілде кездесетін адамзаттың асылы