24
Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)
және үндістандық Веда аудармашылары соңғы
пайғамбардың атын білдіретін есімдерді шығарып
тастаған. Сонымен қатар Оның өмірі, Қағба, Мекке,
Мәдина, Аравияға байланысты аяттар тазару рәсімдері
мен Үндістандағы жерлер мен өзен атаулары сияқты
үнді терминдері берілу арқылы өзгертілген
10
.
Осы тұста аздап бертінгі заманға шегініс жасап,
мына оқиғаларды айта кеткенді жөн көріп отырмыз.
Пайғамбарлар падишасы – хазірет Мұхаммедтің
(с.а.с.) бұрынғы кітаптарда баяндалған сипаттары,
тіпті атының өзі бір тілден екінші тілге аударылу ба-
рысында өзгеріп, кейде мақсатты түрде өзгертіліп
кеткен, сонда да шындықты іздеген ақиқатшыл өзге
дін қызметкерлерінің арасынан Тәурат пен Інжілдегі
хазірет Пайғамбарға қатысты нақты дәлелдер тауып,
хаққа бас игендері де аз емес. Солардың екі-үшеуін
ғана мысалға бере кетейік.
Бұл оқиға – орта ғасырларда Испанияда орын
алған Абдуллаһ
11
Тәржуман әл-Майоркидің басынан
өткен хикаясы. Ол Майорка қаласында хритан отба-
сында дүниеге келеді. Әкесі оны 6 жасынан бастап дін
адамының қолына тапсырады. Ол 2 жыл Інжіл оқып,
жартысын жаттап алады. Одан кейінгі екі жылда
10
Бұл тақырыпқа байланысты көбірек мәлімет алу үшін
А.Х. Вадиартидің 1990 жылы жазған Mohammad in World
Scriptures атты ғылыми еңбегін атап өту керек. Сонымен
қатар А.Х.Вадиарти 1983 жылы У. Алимен бірге Hindistan
İslamic Book Service тарапынан басылған “Muhammad in
Parsi, Hindu & Buddhist Scriptures” еңбегін, тағы да Зухурул
Хақтың мақаласын
http://cyberistan.org/islamicадресінен
табуға болады.
11
Абдуллаһ оның мқсылмандықты қабылдағаннан кейінгі аты.