Previous Page  19 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 200 Next Page
Page Background

19

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

тары бұрынғы пайғамбарларға түсірілген қасиетті

кітаптарда анық та айқын білдірілген.

Яһудилер мен христиандардың Аллаһтың ақырғы

елшісінің келетіндігі жайлы хабардар болғандығы

тарихи құжаттарда анықталған. Алайда қилы-қилы

тарихи жағдайлардың себебімен негізгі нұсқасы

сақталмай, көптеген өзгерістерге ұшыраған. Соған

қарамастан Тәурат пен Інжілдерді мұқият зерттегенде

Хақ елшісінің көптеген сипаттары мен белгілерін қазір

де табуға болады

5

.

«Көне өсиеттегі» мына аят соңғы Пайғамбардың

аты мен дінін ашық білдіруде:

«Және мен бүкіл халықтарды дүр сілкіндіремін,

сосын бүкіл халықтардың ХИМДАСЫ (Қалаулысы)

келеді және бұл құлшылық жерін даңқпен толтыра-

мын... менің бұл үйімнің даңқы әуелгісінен де жоғары

болады дейді адамдардың мырзасы; және бұл жерде

ШАЛОМ беремін дейді әскерлердің мырзасы»

(Аггей,

ІІ, 7-9).

Негізі еврей тіліндегі «Химда» сөзі арабшадағы

бір түбірден (ХМД) тарайтын «Ахмад» сөзінің дәл өзі

болса, ал «Шалом» сөзі «Ислам» екендігі ашық көрініп

тұр. Алайда бұл сөздер басқа тілдерге аударылған кезде

басқаша мағыналар беріліп кетеді.

Құран кәрімде хазіретИсаның (а.с.) Пайғамбарымызды

сүйіншілегені жайлы:

5

Х. Жисри, Хз. Мухаммед (с.а.у.) Рисале-и Хамидие, (түрік

тіліне аударған Манастырлы И. Хаккы Измирли), Стамбул,

2008