Previous Page  15 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 200 Next Page
Page Background

15

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

«Мен ол кезде 7-8 жасар бала едім. Бірде ертеңгісін

«Ей, яһудилер!» деген дауыстан шошып ояндым.

Айғайдың қатты шыққандығы соншалық – ел-жұрт

төсектен ыршып-ыршып тұрған бойы әлгі айғайшының

маңына жиналып қалды.

«Бүгін түнде Ахмедтің жұлдызы туды, яғни ол

кеше өмірге келді», – деді ол көпшілікке барлай

қараған күйі. Дабырлаған абыр-сабыр дауыстар айна-

ланы қаптап кетті...»

Ибн Сағдтан жеткен мәлімет төмендегіше сыр

шертеді:

«Меккеде бір яһуди тұратын. Аллаhтың соңғы

елшісі туылған күннің ертеңіне-ақ құрайыштықтарды

жинап: «Бүгін руларыңда ұл бала дүниеге келді ме?» –

деп сұрады. Құрайыштықтар бір-біріне қарасты, сонан

соң:

«Білмейміз, естіген жоқпыз», – деді жарыса.

«Олай болса, барып сұрастырыңдар, бұл үмметтің

пайғамбары бүгін түнде дүниеге келді. Жауырынында

ерекше мөрі болуға тиіс», – деді яһуди.

Құрайыштар сұрастыра келіп, көрген-білгендерін

әлгі яһудиге жеткізді.

«Өткен түнде Әбдімүттәліптің марқұм ұлы

Абдуллаһтың жесірі Әмина босаныпты. Баланың

арқасында белгісі, шынында, бар екен».

Мұны естіген яһуди туылған шарананы барып өз

көзімен көрді. Көрді де, ақыл-есінен айырылған адамша

айғай салды:

«Бітті, міне! Енді пайғамбарлық Исрайыл әулетінің

уысынан кетті, Құрайыштарға жетті. Құрайыштың