Previous Page  10 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 200 Next Page
Page Background

10

Шапағат шамшырағы - әз Мұхаммед (с.а.с.)

елшісі: «Бұл – неткен олжалы сауда», – деп ілтипат

көрсетеді».

Ол ғасырда отбасындағылар бір-біріне сый-

құрмет көрсетіп, шаңырақты жер бетіндегі

«жаннатқа» айналдырған еді. Шаңырақтағы қарт ата-

ана Пайғамбарымыздың шәкірттерінің көз алдын-

да ең сыйлы жандарға, үйдің берекесіне айналды,

себебі оларға Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ тағаланың

разылығы ата-ананың разылығында, Аллаһ тағаланың

ашуы ата-ананың ашуында», – деп үйреткен бола-

тын. Ері жұбайына адал жарым деп қараса, жұбайы

күйеуіне отбасы басшысы деп бағынды. Балаларын

Аллаһ тағаланың аманаты деп санады.

Қоғамда ешкімнің ақысы желінбеді. Бұл қоғам

маңдай термен табылған табысты мақұлдап, еңбекті

ардақтады. Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасына

ауылдан бір мұсылман келеді. Пайғамбарымыз әдеті

бойынша келген кісімен қол алысып амандасады.

Аллаһ елшісінің мүбәрак қолын өзінің жер жыртып,

егін егіп, күстенген қолымен қысқанына қымсынып

қалған шаруа, ыңғайсызданып, Пайғамбарымыздың

алдында басын салбыратып, қолын артына қарай жасы-

рады. Оның ыңғайсызданып тұрғанын сезген Мейірім

пайғамбары әлгі кісінің қолынан ұстап, жоғары көтеріп,

сахабаларына қарап: «Бұл қолды Аллаһ тағала да,

елшісі де жақсы көреді. Аллаһ мұндай қолды тозақтың

отына жақпайды», – дейді. Шаруаның көңілі жай

тауып, өзіне деген бауырмалдықты еркін сезінеді. Ал

осы хадисті естіген мұсылмандар еңбектенген қолдың

Аллаһ тағаланың алдында өте қадірлі екенін ұғады.

Ол қоғамда ешкім бір-бірін кемсітпеді, керісінше,

бір-біріне құрметпен қарады, себебі тәлімі мінсіз